jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ұлттық банк ҚБТУ мен "Нархоз" университетінде білім алу үшін 19 грант бөледі

емтиханға дайындалып жатқан талапкер
Емтиханға дайындалып жатқан талапкер. Иллюстрациялық фото: Image Source / Getty Images

Қазақстан Ұлттық банкі жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары аясында грант негізінде оқуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылы мынадай гранттар қарастырылған:

  • "Нархоз университеті" КЕАҚ "Қаржы талдаушысы", "Қаржылық тәуекел-менеджмент", "Макроталдау және болжау" – 5 грант;
  • "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ "Қаржылық тәуекел-менеджмент және деректер туралы ғылым", "Макроқаржы және деректер туралы ғылым" және "Қаржылық технологиялар" – 14 грант.

Бағдарламалардың мақсаты – Ұлттық банк пен оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне білікті мамандар даярлау.

Маман даярлау мына мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: қаржы, экономика, қаржы технологиялары, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау.

Оқу 2025 жылдың қазан айында басталып, 2 академиялық жылға созылады.

Оқуға түсу үшін талапкерлер университеттер мен Ұлттық банктің талаптарына және критерийлеріне сәйкес, 11-29 тамыз аралығында – "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ базасында және 4-6 қыркүйек аралығында – "Нархоз университеті" КЕАҚ базасында өткізілетін конкурстық іріктеуден өту қажет.

Оқуды аяқтап, әңгімелесуден сәтті өткен жағдайда, Ұлттық банк пен оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

Бағдарламалардың мазмұнымен және оқуға қабылдауға қойылатын талаптармен "Нархоз университеті" КЕАҚ пен "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ ресми сайттарында танысуға болады.

Ұлттық банк ҚБТУ мен "Нархоз" университетінде білім алу үшін 19 грант бөледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.