jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Динара Зәкиева балалар үйін Алматыдан Қонаевқа көшіру дауына қатысты түсінік берді

Динара Зәкиева
Динара Зәкиева. Фото: instagram.com / zakiyevadinara

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Бағанашылдағы балалар үйін Алматыдан Қонаевқа көшіруге қатысты дауға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, президенттің тапсырмасы бойынша балалар үйінде тұрақты тұратын балалар оқуын жалғастыру үшін Алматы қаласында қалады, ал мекеменің өзі облыстан қала қарамағына өткізілетінін жеткізді.

"Бүгін балалар үйінің емес, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатқан балалар көшірілді. Онда өмірлік қиын жағдайға тап болған және облыстың әртүрлі бөліктерінен келген балалар уақытша тұрады.

Көктемде балалар мен әкімдік арасындағы кездесудің қорытындысы бойынша, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатқан балалар мен мекеменің өзі көшетіні шешілген болатын, бұл ақпаратты мен көктемде жариялағанмын", - дейді ол.

Зәкиеваның сөзінше, кеше бұл туралы облыстық білім басқармасының ресми парақшасында әкімдік хабарлады.

"Алайда Алматы облысының әкімдігі бейімдеу орталығында тұратын балалардың көшуі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді. Соның салдарынан бүгін жол берілмейтін жағдай болды: балалар үйінің түлегі қыз есінен танып қалды, бір баланың аяғы жарақаттанды.

Осы жағдай бойынша, балалардан келген хабарламадан кейін соңғы апта ішінде бірнеше рет әкімдікке жүгіндім. Алайда жергілікті атқарушы орган хабардар етпей, келісілмеген әрекеттерді жүзеге асырды.

Барлық жағдайлар бойынша Президент әкімшілігі тексеру жүргізеді, арнайы топ құрылды. Өңірлік Уәкіл балалармен бірге. Мен де балаларға бара жатырмын", - деп жазды Динара Зәкиева.

Айта кетейік, бүгін, 21 шілдеде желіде балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан Қонаев қаласына көшіріліп жатқаны туралы видео тарады. Балаларды полиция қызметкерлерінің көмегімен көшірмек болған.

Бұл кадрлар бұрынғы балалар омбудсмені Аружан Саинның ашуын туғызған. Ол балаларды олардың келісімінсіз және олардың пікірімен санаспай көшіру құқықтарын бұзу деп атады.

"Бұл жағдай енді жеке мәселе емес және мемлекеттің дереу араласуын талап ететін қоғамдық трагедияға айналып барады", - деді Аружан Саин.

Кейін мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейтін болды.

"Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

Динара Зәкиева балалар үйін Алматыдан Қонаевқа көшіру дауына қатысты түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.