jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Энергетика саласында сұранысқа ие бағыттар бойынша 1500 грант бөлінді

студенттер
Студенттер. Иллюстрациялық фото: SeventyFour/Getty Images

2025 жылғы 13 шілдеде елімізде білім беру гранттары конкурсына, сондай-ақ ақылы негізде оқуға өтініштер қабылдау басталды. Осы орайда Энергетика министрлігі энергетика саласында сұранысқа ие бағыттар бойынша 1500 грант бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2025/2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясында энергетика саласында сұранысқа ие техникалық бағыттар бойынша келесі гранттар бөлінген:

  • "В062 – Электротехника және энергетика" бағыты бойынша – 1000 грант;
  • "В162 – Жылуэнергетика" бағыты бойынша – 500 грант (толық және қысқартылған оқу түрлерін қоса алғанда).

Министрліктің мәліметінше, еліміздің энергетика саласының белсенді дамуына және заманауи технологияларды қолданатын жаңа энергия өндіруші нысандардың пайда болуына байланысты жаңа буынның білікті мамандарына сұраныс артып отыр.

Әсіресе электр желілерін, газ турбиналарын, бу-газ қондырғыларын және атом электр станцияларын жобалау, құрастыру және пайдалануға беру салаларында мамандар қажет.

Энергетика саласын кадрлармен қамтамасыз ету жетекші салалық жоғары оқу орындары және өндірістік компаниялармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Мұндай модель түлектердің еңбек нарығы талаптарына тез бейімделуіне және нақты энергетика нысандарына жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк ҚБТУ мен "Нархоз" университетінде білім алу үшін 19 грант бөлетінін жазған едік.

Энергетика саласында сұранысқа ие бағыттар бойынша 1500 грант бөлінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.