Қазақстан төлқұжатында қар барысының бейнесі пайда болуы мүмкін
Опубликовано:
Читать на русском
Үкімет отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Қазақстан төлқұжатының қорғаныс деңгейін арттыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан азаматтары 43 елге визасыз бара алады.
"Төлқұжат барлық халықаралық стандартқа сай және қажетті қорғаныс элементінің бәрі бар. Қазір қосымша қорғаныс деңгейін енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді ол.
ІІМ өкілі жасаған баяндамаға қоса берілген слайдтан ұлттық төлқұжаттың жаңа нұсқасы көрсетілді. Суреттен қар барысының бейнесін байқауға болады.
Айта кетейік, былтыр Қазақстан паспорты Орталық Азия елдеріндегі ең мықты төлқұжат деп танылған еді. Сондай-ақ 2025 жылғы жаңартылған әлемдік рейтингте Қазақстан паспорты бір сатыға жоғарылағанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2267691-qazaqstan-tolquzhatynda-qar-barysynyng-beinesi-paida-boluy-mumkin/