jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада Сейфуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астанада 26 шілде мен 6 тамыз аралығында С.Сейфуллин көшесінің Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы С.Сейфуллин көшесінің Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді.

"Осыған байланысты 26 шілде мен 6 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы алдымен Республика даңғылына қарай, кейін Бейбітшілік көшесіне қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Жол сызбасы
Жол сызбасы: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Астанада Сейфуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.