jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ақтөбеде мешітке келген қыздың жолын бөгеп, бейәдеп қылықтар көрсеткен ер адам жазаға тартылды

Мешіттегі ер адам
Мешіттегі ер адам. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбеде мешіт жанында келушіге тиіскен ер адам жауапкершілікке тартылды, деп жазады Polisia.kz.

25 шілдеде Ақтөбе қаласындағы "Нұр Ғасыр" мешітінен шығатын жерде белгісіз ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөздер айтқан. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.

"Ақтөбе облысы полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ер адамның жеке басы анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді.

Құқықбұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі жөнінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

Материал сотқа жіберілмек.

Ақтөбеде мешітке келген қыздың жолын бөгеп, бейәдеп қылықтар көрсеткен ер адам жазаға тартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.