jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда 31 желтоқсан демалыс күні ретінде белгілене ме

Жаңа жылдық шырша
Жаңа жылдық шырша. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Қазақстанда 31 желтоқсан демалыс күні деп жариялануы мүмкін бе? Бұл сұраққа үкіметте өткен брифингте Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифинг барысында журналист Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерінен Қазақстанда 31 желтоқсан ресми демалыс күні ретінде белгіленуі мүмкін бе деп сұрады.

Шалқар Оразбековтің айтуынша, бұған дейін бұл сұрақ бірнеше рет қаралған.

"Халықаралық тәжірибені де зерттедік. Ресейді қоспағанда, барлық елде 31 желтоқсан жұмыс күні, 1 және 2 қаңтар демалыс күндері болып саналады. Бүгінде 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялау мәселесі қарастырылып отырған жоқ", - деді ол.

Дегенмен спикер кәсіпорындар акт арқылы сол күні жұмыс күнін қысқарта алатынын немесе 31 желтоқсанды толық демалыс күні деп жариялай алатынын атап өтті.

Айта кетелік, осыған дейін де ел тұрғындары 31 желтоқсанды ресми демалыс күні деп жариялауды сұраған еді.

Қазақстанда 31 желтоқсан демалыс күні ретінде белгілене ме

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.