jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Бірінші рет көріп тұрмын": Павлодар аспанындағы табиғат құбылысы тұрғындарды дүрліктірді (фото, видео)

Павлодар аспаны
Павлодардағы құйын. Видеодан кадр: instagram.com/andrius.sarapinas

Павлодар тұрғындары желіде торнадо немесе құйынға ұқсас құбылыс түсірілген фото және видеоларды бөлісіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі Andrius.sarapinas қолданушысының парақшасында Павлодар маңында түсірілген видео жарияланды. Ол жақындап келе жатқан торнадоны түсіріп алғанын айтқан.

"Бүгін саңырауқұлақ теруге шыққан едік, бірақ торнадо басталды. Иә, дұрыс естідіңіз, Павлодарда торнадо болды. Бұны қалай қабылдайтынымды білмеймін. Бірақ ол үлкейіп барады", - дейді видео авторы.

Instagram желісінде тағы бір қолданушы Владимир Кириченко қала аумағынан көрінген құйынды видеоға түсіріп алды.

"Шынымды айтсам, мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Павлодарда құйын ба", - дейді ер адам.

Қала аспанындағы құйынды балалар да түсіріп алған, бейнежазба "Все обо всем Павлодар" парақшасында жарияланған.

Бейнежазбаға қарағанда, құйынмен қоса найзағай соғып, күн күркіреген. Кейбір желі қолданушылары бұршақ жауғанын жазып жатыр.

Тұрғындар бұл торнадо екеніне сенімді.

Ескерту! 18+! Бейнежазбада бейәдеп сөздер бар!

"Бірінші рет көріп тұрмын": Павлодар аспанындағы табиғат құбылысы тұрғындарды дүрліктірді (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.