ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов бостандыққа шықты
Опубликовано:
Читать на русском
Бұрын сотталған ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов жазасын өтеп, бостандыққа шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, аталған сотталушы сот үкіміне сәйкес жазасын түзеу мекемесінде өтеген.
Ол сот тағайындаған жазаның толық өтелгеніне байланысты босатылды.
Айта кетейік, Ділмановтың ұсталғаны туралы ақпарат 2022 жылдың 22 маусымында белгілі болған еді.
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары - ҰҚК Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Дархан Ділманов пен басқа да бірқатар тұлға Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде "қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" фактісі бойынша ұсталған. 25 маусымда Дархан Ділманов қамауға алынды.
Ал 2023 жылы 25 желтоқсанда Дархан Ділмановқа қатысты сот үкімі шықты – ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Ділмановтың 1986 жылдан 1998 жылға дейін МҚК/ҰҚК шекара әскерлерінде офицерлік қызметте болғанын жазған едік. Ол 1998 жылдан 2015 жылға дейін ҰҚК Шекара қызметінде басшылық қызметтер атқарды. 2015 жылғы 14 шілдеден бастап ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болды. 2022 жылдың 5 сәуірінде ол бұл қызметінен босатылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2273345-uqk-shekara-qyzmetining-buryngy-basshysy-darhan-dilmanov-bostandyqqa-shyqty/