jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай жастар мен тұрғындарға "Абай жолы" романы таратылды

Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай жастар мен тұрғындарға “Абай жолы” романы таратылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр.

Осы айтулы мерекеге және "Жастар күніне" орай Түркістанда рухани мәні бар іс-шара өтті. Абай ескерткіші маңында ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі өткізілді. Сонымен бірге облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" кітабын тапсырды.

Абай жолы
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әр шаңырақта Абайдың кітабы мен мен Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы тұруы керек екенін айтқан болатын. Сол бастаманы Түркістан облысында іске асыру мақсатында қонақтарға, жастарға "Абай жолы" романы топтастырылған төрт томдық кітаптарды тапсыруды жөн көрдік. Бұл кітапты әр оқыған сайын жаңа дүниелермен танысасың, жаңаша ой түйесің. Жастарымыз да кітапты оқып, Абай өмірінің тереңіне үңіледі деп ойлаймын", - деді Нұралхан Көшеров.

Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай жастар мен тұрғындарға “Абай жолы” романы таратылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Белсенді жастар өңір басшысының рухани мәні бар сыйлығына ризашылығын білдіріп, Абай мұрасына адал болатындарын жеткізді. Жалпы 180 жылдыққа 180 кітап топтамасы шығарылып, жастар мен тұрғындарға үлестірілді.

Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай жастар мен тұрғындарға “Абай жолы” романы таратылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, осы күні ұйымдастырылған кітап көрмесінде Абай Құнанбайұлының өмірінен, шығармашылығынан сыр шертетін маңыналы дүниелер ұсынылды. Абай Құнанбайұлы бейнеленген, ерекше шеберлікпен тігілген қабырғаға ілетін кілемше де көпшіліктің қызығушылығын оятты. Бұл сыйлықты кітапханаға "Бал текстиль" компаниясы тарту еткен.

Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай жастар мен тұрғындарға “Абай жолы” романы таратылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осылайша, Түркістан жастары "Абай күні" мен "Жастар күні" мерекелерін рухани-танымдық іс-шарамен өрнектеп, ерекше серпіліп қайтты.

Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай жастар мен тұрғындарға "Абай жолы" романы таратылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.