Алматыдан елордаға ұшуға тиіс болған Air Astana рейсі неге кешікті: компания түсінік берді
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыдан елордаға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы құстармен соқтығысу іздері табылуына байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматылықтар Air Astana компаниясының Алматы-Астана бағытындағы рейсінің кешігіп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ әуе компаниясының сайтында елордаға сағат 09:20-да ұшуы тиіс болған ұшақ әлі Алматыда екені жазылған.
NUR.KZ тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сауал жолдады.
"14 тамыздағы Алматы-Астана бағытындағы KS 621 рейсі ұшақтан Астана-Алматы бағытында ұшып келген KS 622 рейсі кезінде құспен соқтығысу ізінің табылуына байланысты кейінге шегерілді", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2275216-almatydan-elordaga-ushuga-tiis-bolgan-air-astana-reisi-nege-keshikti-kompaniia-tusinik-berdi/