jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Бір адамға 10 нөмір: Қазақстанда SIM-карта сату ережелері қайта өзгеруі мүмкін

Ұялы телефон және sim-карта
Sіm-карта. Көрнекі фото: Рexels.com

Байланыс операторлары 10-нан астам SIM-карта сатып алғысы келген адамнан қосымша ақпарат сұрай алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Цифрлық даму министрлігінің "Ашық НҚА" порталына орналастырған жобасына сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ашық НҚА" порталында бір қолға SIM-карта сату мәселесін көтерген жобаны жариялады.

"Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудағы басты мақсат биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу арқылы құқық бұзушылықтарды азайту, оператордың бір жеке тұлғаға 10-нан астам нөмір алу қажеттілігі туралы растауды сұрату құқығын қамтамасыз ету", - дейді жобадан күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері туралы министрлік өкілдері.

Министрлік не ұсынды:

  • операторлар ұялы байланыс абонентіне оннан астам нөмірді ресімдеу;
  • абоненттік нөмірді биометриялық идентификациядан өткізу арқылы ресімдеу; - алаяқтық белгілері бар күдікті SMS-хабарламалар және (немесе) қоңыраулар туралы өтініштерді қабылдау;
  • ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ұсынылған өзгеріс ұялы байланыс арқылы қылмыс жасау жағдайларын азайтады.

Бір адамға 10 нөмір: Қазақстанда SIM-карта сату ережелері қайта өзгеруі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.