jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі үш күнге жабылады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 15 тамыздан 18 тамызға дейін қатарынан үш түн бойы, сағат 22:00–ден 6:00–ге дейін, Қайырбеков көшесінен бастап Шығыс айналмалы автожолына дейінгі аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады.

"Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Төле би көшесі 12 тамызда Назарбаев даңғылынан Қайырбеков көшесіне дейін жабылған болатын.

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі үш күнге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.