jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әкімдік Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертінен қанша табыс түскенін жария етті

Дженнифер Лопестің концерті
Дженнифер Лопестің концерті. Мұрағаттағы фото: Gotham/WireImage via Getty Images

Алматыда 1 тамызда өткен Дженнифер Лопестің концертіне 27 мың көрермен жиналып, 10 млрд теңге табыс түскен, деп хабарлайды оңтүстік астананың әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство қорытындысына сенсек, Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің шоуына 27 мың көрермен қатысқан, оның 7 мыңы 35 елден келген қонақтар.

Әкімдік мәліметіне сәйкес, экономикалық тұрғыдан келген табыс мынадай:

  • 10 млрд теңгеден астам айналым;
  • шамамен 600 млн теңге салық түсті;
  • концерт күні Алматыда шетелдік туристердің өзі 5 млрд теңгеден астам қаржы қалдырды.

"Дженнифер Лопес тобы концерттің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Әншінің турының бас режиссері мен техникалық директоры Григорий Антропов Алматыдағы дайындық жұмыстары барлық қаланың ішінде ең үздігі болғанын атап өтті.

Мұндай ірі мәдени іс-шаралар Алматының туристік тартымдылығын арттырып, қаланың әлемдік гастрольдер картасындағы маңызды нүкте ретіндегі мәртебесін нығайтады", - деп қосты әкімдік өкілдері.

Әкімдік Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертінен қанша табыс түскенін жария етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.