jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда жеке ұшақ апатынан кейін әуе кемелерін пайдаланушылар жоспардан тыс тексерілетін болды

жеке ұшақ
Жеке ұшақ. Көрнекі фото: Joan Valls/Urbanandsport/Nurphoto

Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарының бәрі жоспардан тыс тексеріледі. Бұл туралы Көлік министрлігі Telegram желісіндегі арнасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы 2025 жылғы 22 маусым мен 17 тамызда болған авиациялық оқиғаларға тікелей қатысы бар әуе кемелері пайдаланушыларының жұмысын тоқтатты.

"Ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарының 49 әуе кемесі жоспардан тыс тексеріледі.

Сондай-ақ жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың қызметі де тексеріледі", - дейді министрлік өкілдері.

Айта кетейік, 17 тамызда Ақмола облысында жеңілмоторлы жеке ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапқанын хабарлағанбыз.

Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталып жатыр. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2024 жылы тамызда жоспардан тыс тексерулер барысында бірнеше әуекомпаниясы мен ұшқышқа айыппұл салынды.

Қазақстанда жеке ұшақ апатынан кейін әуе кемелерін пайдаланушылар жоспардан тыс тексерілетін болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.