jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанның оңтүстігінде жаңа мемлекеттік табиғи парк құрылды

Мерке паркі
Мерке паркі. Фото: gov.kz

Жамбыл облысында жаңа өңірлік мемлекеттік табиғи парк – "Мерке" құрылды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Парк ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алып, 86 632 гектарды қамтитын Батыс Тянь-Шаньның тау етегі мен таулы аймақтарындағы бірегей экожүйелерді қорғауға бағытталған.

"Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде" Қазақстанның Қызыл кітабына енген барыс, арқар, үнді жайрасы мен түркістан сілеусіні сияқты сирек кездесетін жануарлар мекендейді.

Мерке паркі
Мерке паркі. Фото: gov.kz

Парк мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, жергілікті қауымдастықтардың және БҰҰ Даму бағдарламасы халықаралық серіктестердің көпжылдық бірлескен еңбегінің нәтижесінде бой көтерді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтің айтуынша, Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркі – табиғи ресурстарды ұтымды басқару мен экожүйелерді сақтау жолындағы маңызды қадам.

Мерке паркі
Мерке паркі. Фото: gov.kz

Парк экотуризмді дамытуға, экологиялық білім беруге және халықты тұрақты табиғатты пайдалану ісіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ғылыми-танымдық бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазақстанның оңтүстігінде жаңа мемлекеттік табиғи парк құрылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.