jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ылғалды көп қажет етеді: Алматы әкімі қалада көгал егуден бас тартуды ұсынды

Алматы әкімі және әкімдік қызметкерлері
Алматы әкімі және әкімдік қызметкерлері. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жұбанов көшесіндегі абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жоба Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аралықты қамтиды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, мамырда басталған жұмыстар қарашада аяқталмақ.

Жоба аясында тротуар плиткалары төселіп, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарық шамдары орнатылады. Балалар және спорт алаңдары салынады. Сондай-ақ бейнебақылау камералары мен автоматты суару жүйесі қойылады. Көгалдандыру аясында 15 мыңнан астам бұта мен гүлзар отырғызылады.

Ал қала әкімі газондар мен ылғалды көп қажет ететін өсімдіктердің орнына, күтімі жеңіл әрі құрғақшылыққа төзімді түрлерді тамшылатып суару әдісімен отырғызуды ұсынды.

Жұмыс сапарының қорытындысында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді отырғызуды қамтамасыз ету және абаттандыру барысын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.

Ылғалды көп қажет етеді: Алматы әкімі қалада көгал егуден бас тартуды ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.