Бүгін еліміздің кей өңірлерінде қалыптан тыс аптап ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады
Опубликовано:
Читать на русском
28 тамызда Қазақстанда аптап ыстық болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады. Синоптиктер өңірлердің басым бөлігінде дауыл тұратынын ескертті, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 28 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде қауіпті ауа райы құбылыстары болады деп болжанып отыр:
- елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында 41°C-қа дейін қалыптан тыс аптап ыстық болады;
- төтенше өрт қаупі оңтүстік, батыс және шығыс аймақтарда сақталады;
- солтүстік, батыс және шығыстың бірқатар өңірінде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады және тұман түседі.
"ТЖМ ашық оттан аулақ болуды, найзағай мен қатты жел кезінде жабық жерлерді паналауды, жолдарда мұқият болуды және ТЖ кезінде 112-ге қоңырау шалуды ұсынады", - делінген министрлік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2279840-bugin-elimizding-kei-ongirlerinde-qalyptan-tys-aptap-ystyq-bolyp-zhogary-ort-qaupi-saqtalady/