jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Сауранда "Келешек мектептері" жобасы аясында 300 орындық мектеп ашылды

Мектеп
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында Сауран ауданында 30 тамыз – Конститутция күні қарсаңында 300 орынға арналған "Келешек мектептері" жобасы аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп ашылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған білім ұясының ашылуына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім күнімен және Ата заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Мектеп
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 48 мыңнан астам оқушы қабылданды. Жыл сайын мектеп табалдырығын аттайтын балалардың көбеюі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сауран ауданында 3 Келешек мектеп іске қосылуда.

Бұл аудан терең тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленеді. Сондықтан да мұндағы әрбір игі бастама ел рухын көтеріп, жас ұрпаққа тағылым берері анық. Ұлт қайраткері Сұлтанбек Қожанов атындағы 300 орындық жаңа білім ұясының ашылуы Үшқайық, Жалаңтөс, Теке ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Балаларымыздың болашағына жасалған қолдау", - деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Сынып
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа мектепте заманауи жабдықталған сыныптарда сапалы білім алуға және ұстаздар үшін еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Екі қабаттан тұратын мектептің жалпы аумағы – 2 гектар. 115 орындық акт залы мен шеберхана, асхана мен кітапхана, спорт залы мен медициналық пункт бар. Бейнебақылау камералары орнатылған. Мектептің құрылыс жұмыстарын Samruk-Kazyna Construction АҚ тапсырмасымен "Ныш-Ер" ЖШС жүргізді.

Мектеп
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Келешек мектептері" ұлттық жобасы – ел болашағына жасалған маңызды инвестиция. Жоба аясында өңірімізде 29 Келешек мектептің құрылысы жүргізілді. Өткен оқу жылында 13 мектеп пайдалануға берілсе, ал биыл жаңа оқу жылында 16 мектеп пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда.

Сынып
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сауранда "Келешек мектептері" жобасы аясында 300 орындық мектеп ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.