jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қар аралас жаңбыр, шаңды дауыл: синоптиктер Қазақстан өңірлерінде ауа райы бұзылатынын ескертті

қар жауған сәт
Қар жауған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер болжамынша, күздің алғашқы күні Қазақстанның көптеген өңірінде найзағай ойнап, тұман түсіп, шаңды дауыл тұрады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

1 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында 1 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

1 қыркүйекте Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 1 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 1 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

1 қыркүйекте күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус аптап ыстық болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 1 қыркүйекте күндіз 35 градус аптап ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

1 қыркүйекте Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Семей қаласында 1 қыркүйекте найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

1 қыркүйекте Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 1 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

1 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын болады, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) үдей түседі. Найзағай жарқылдап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 1 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады.

1 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай жарқылдап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа, түнде екпіні 23 м/с-қа жетеді. Өскемен қаласында 1 қыркүйекте найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

1 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында жел күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 1 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

1 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 1 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 1 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

1 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 1 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

1 қырқүйекте күндіз Ақтөбе облысының батысында 35 градус аптап ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 1 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

1 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында 1 қыркүйекте күндіз найзағай жарқылдайды.

1 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-37 градус аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 1 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

1 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 38 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 1 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде 1-2 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады.

1 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

1 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде 1-2 қыркүйекте Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады.

Түнде 1 қыркүйекте Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, 2 қыркүйекте оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады.

Түнде 1-2 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады.

Қар аралас жаңбыр, шаңды дауыл: синоптиктер Қазақстан өңірлерінде ауа райы бұзылатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.