jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

ШҚО тұрғыны 20 жыл бұрын жоғалып кеткен әпкесін Жетісу облысынан тапты (видео)

әпкесімен қауышқан сәт
Әпкесімен қауышқан сәт. Видеодан кадр: polisia.kz

Жетісу облысында полицейлер бір-бірін 20 жылдай көрмеген апалы-сіңлілілердің қауышуына себепші болды. Туысын көру үшін әйел Шығыс Қазақстан облысынан келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, оқиға Жетісу облысы Үштөбе қаласында болған. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғыны 20 жыл бұрын әпкесін жоғалтып алған. Үміті үзілмеген тұрғын әпкесін тауып қалармын деген ниетпен Үштөбеге барған.

Ол көшеде учаскелік полиция инспекторлары Айбек Қази мен Талғат Есқожановпен жолығып қалған. Полицейлер оның өтінішіне бірден құлақ асып, іздестіру жұмыстарына көмектесуге кіріскен.

Жүйелі жұмыстың арқасында тәртіп сақшылары апалы-сіңлілерді қауыштырды. Әйел полиция қызметкерлерінің көрсеткен көмегіне алғысын білдірді.

ШҚО тұрғыны 20 жыл бұрын жоғалып кеткен әпкесін Жетісу облысынан тапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.