jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Еуропалық информатика олимпиадасына қатысқан қазақстандық оқушылардың төртеуі де жүлдегер атанды

Информатикадан халықаралық олимпиада жүлдегерлері
Халықаралық олимпиада жүлдегерлері. Фото: ortcom.kz

Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ОКҚ-нің Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасына сүйеніп хабарлауынша, байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысқан. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды.

Қазақстандық оқушылар қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды: күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы.

Команданы тәжірибелі тәлімгерлер – Әлімжан Аманов, PhD, Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры; Батыр Сардарбеков, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, спорттық бағдарламалау чемпионы.

Еуропалық информатика олимпиадасына қатысқан қазақстандық оқушылардың төртеуі де жүлдегер атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.