YouTube қолданушылары желі жұмысындағы ақауға шағымданды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан мен Ресейде YouTube істен шықты - Астана, Алматы және Петропавл, сондай-ақ Мәскеу мен Санкт-Петербург тұрғындары видеохостинг қызметіне шағымдарын қалдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Downradar сайтының хабарлауынша, бүгін сағат 15:00-ден бастап YouTube жұмыс істемей тұрғаны туралы көптеген шағым түсе бастады. Қазақстандықтар Астана, Алматы, Петропавл, Қарағанды және Павлодар қалаларында видеохостинг қызметіндегі ақауды байқады.
Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург тұрғындары да осы ақауды алға тартып отыр. Сондай-ақ бірнеше қолданушы Варшавадан YouTube желісінде ақау шыққанын жазды.
Еске сала кетейік, кеше, 4 қыркүйекте әлемнің түкпір-түкпіріндегі желі қолданушылары Google іздеу жүйесіндегі ақауға шағымданған болатын.
Сондай-ақ Kcell және Activ пайдаланушылары интернетке кіруде қиындықтарға тап болған - компания себебін айтып, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2282918-youtube-qoldanushylary-zheli-zhumysyndagy-aqauga-shagymdandy/