jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Бұл салт-дәстүр емес": Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурор қалыңдықты ұрлауға қатысты пікір білдірді

Айжан Аймағанова
Айжан Аймағанова. Фото: gov.kz

Қуандық Бишімбаевтың сотынан кейін көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанова Қазақстанда қалыңдықты ұрлағаны үшін тағайындалатын жаза туралы толығырақ айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аймағанова әлеуметтік желіде жариялаған видеосында Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер жайлы сөз қозғады. Прокурор "Некеге мәжбүрлеу" бабына тоқталып, оны көпшілікке түсіндіруге тырысты.

Аймағанова жаңа заңнама бойынша күш қолдану, қорқыту, бопсалау, немесе басқа да қысым көрсету арқылы некеге туруға мәжбүрлеу әрекеті үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделсе, ауыр зардаптарға алып келген жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салды.

"Неке - екі жанның өз еркімен құрған одағы. Қалыңдықты некеге мәжбүрлеу әрекетімен алып қашу - салт-дәстүр емес, қылмыстық заңбұзушылық", - деді ол.

"Бұл салт-дәстүр емес": Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурор қалыңдықты ұрлауға қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.