jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Дархан Сатыбалды Алматыдағы қазылған жолдарға қатысты тапсырма берді

Дархан Сатыбалды
Дархан Сатыбалды. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол сапасына бақылауды күшейтуді талап етті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчурин хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ильзат Акчуриннің хабарлауынша, Алматы әкімі жауапты басқармалар басшыларымен кеңес өткізіп, онда құрылыс жұмыстарының сапасы, абаттандыру, қыс маусымына дайындық және қала көшелеріндегі жол қазудың жай-күйі талқылаған.

Дархан Сатыбалды ұзақ уақыт қазылып жатқан жерлердің тұрғындарға қолайсыздық туғызатынын айтып, траншеяларды қоршаусыз қалдыруға, көшелерді қоқыс пен топыраққа толтыруға және асфальтты сапасыз төсеуге болмайтынын баса айтқан.

"Жолды ұзақ уақыт қазып тастауға болмайды. Әрбір мердігер мен тапсырыс беруші жұмысына жауапты. Қала қысқы дайын болып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек", - деді Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар жолды орташа жөндеу кезінде асфальттың жұқа төселуі, жиектастардың дұрыс орнатылмауы және негізді тазаламай жабын төсеу сияқты кемшіліктер анықталған.

Дархан Сатыбалды қазылған жолдарды қалпына келтіруге бақылауды күшейтуді, мердігерлерді жауапқа тартуды, әсіресе, "Алматы Су" және басқа коммуналдық қызметтердің жұмысына ерекше назар аударуды тапсырған.

Сондай-ақ жыл соңына дейін бекітілген мерзімінен кешігіп жатқан нысандарды аяқтау, тау бөктеріндегі құрылысқа бақылауды күшейту, Бас жоспарды уақытылы түзету, қала қысқа толық дайын болуы үшін арнайы техника мен реагенттерді белгіленген мерзімде сатып алуды міндеттеген.

Алматыда жыл басынан бері сапасыз жұмыс пен ережені бұзғаны үшін 58 мердігер ұйым, 7 техникалық қадағалау компаниясы және 43 жобалау фирмасы жауапқа тартылған.

Дархан Сатыбалды Алматыдағы қазылған жолдарға қатысты тапсырма берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.