jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бірнеше жерде жұмыс істейтін қазақстандықтар нені білуге тиіс: Еңбек министрлігі түсіндірді

Ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам
Ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Бірнеше жұмыс орны бар қазақстандықтар нені білуге тиіс? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, қазақстандықтар бір уақытта бірнеше жұмыс орнында және әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек ете алады, алайда бұл ретте келесі шектеулер сақталуы тиіс: негізгі жұмыста – 8 сағаттан, ал қосымша (қосалқы) жұмыста – 4 сағаттан аспауы керек, яғни барлығы бір тәулікте 12 сағаттан аспауы тиіс.

Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабының 1-тармағының 56)-тармақшасына сәйкес, қосымша жұмыс – бұл жұмыскердің негізгі жұмысынан тыс уақытта еңбек шарты негізінде басқа тұрақты әрі ақылы жұмысты орындауы болып табылады.

Кодекстің 32-бабының 4-тармағына сәйкес, басқа жұмыс берушімен қосымша жұмысқа еңбек шартын жасасу үшін жұмыскер негізгі жұмыс орны бойынша еңбек жағдайлары мен сипаттамасын растайтын анықтама (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) ұсынуы қажет.

Кодекстің 68-бабының 3-тармағына сәйкес, негізгі жұмыс орнындағы және қосымша жұмыстағы күнделікті жұмыс уақытының жиынтық ұзақтығы осы кодекстің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығынан 4 сағаттан артық болмауы тиіс.

Кодекстің 92-бабының 5-тармағына сәйкес, қосымша жұмыс бойынша еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмыс орны бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі.

Егер қосымша жұмыс бойынша еңбек шарты шеңберіндегі жыл сайынғы ақы төленетін демалыстың ұзақтығы негізгі жұмыс орны бойынша демалыс ұзақтығынан аз болса, онда жұмыскердің өтініші бойынша жұмыс беруші демалыстардың ұзақтығындағы айырмашылық күндеріне жалақы сақталмайтын демалыс береді.

Министрлік Кодекстің 26-бабының 2-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес, он сегіз жасқа толмаған адамдарды, сондай-ақ ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмыскерлерді (медициналық қызметкерлерді қоспағанда) қосымша жұмысқа қабылдауға жол берілмейтінін еске салды.

Сонымен қатар хабарламада "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы" заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қосымша жұмыс істеуге тыйым салынатыны айтылған, өйткені олар педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметтен басқа, өзге ақылы қызметпен айналысуға құқылы емес.

"Осылайша, жоғарыда аталған шектеулерге жатпайтын кәмелет жасына толған кез келген азамат қосымша жұмыс істей алады", - деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Бірнеше жерде жұмыс істейтін қазақстандықтар нені білуге тиіс: Еңбек министрлігі түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.