jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда "Поттер пойызы" іске қосылды (фото, видео)

"Поттер пойызы"
"Поттер пойызы". Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Қазақстанда электропойыз жолаушыларына арналған "Поттер пойызы" атты мәдени-ойын-сауықтық жоба іске қосылды. Бұл еліміздегі алғашқы электропойыз ішінде өтетін театрландырылған бағдарлама, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, сапар барысында жолаушыларды Гарри Поттер әлеміндегі кейіпкерлердің образындағы әртістер қойылым қояды. Бағдарлама интерактивті элементтерді қамтып, балалар мен ересектерге ертегідей саяхаттың ерекше атмосферасына енуге жағдай жасайды. Әрбір жас жолаушыға естелік ретінде арнайы сыйлық – сиқырлы таяқша табысталады.

Шоу жаңа 4 вагоннан тұратын электропойызда ұйымдастырылады. Пойыз "Астана-1 — Тастақ — Астана-1" бағыты бойынша (Астанадан 60 км) жүріп өтеді. Бағдарламаның ұзақтығы — 2 сағат.

"Поттер пойызының" алдағы рейстері:

  • 2025 жылғы 5 қазан, сағат 11:25
  • 2025 жылғы 12 қазан, сағат 11:25

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін алдын ала брондау жүйесі қарастырылған.

Қазақстанда "Поттер пойызы" іске қосылды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.