jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жамбыл облысының тұрғыны сот арқылы жұмыс берушіден 92 млн теңге жалақы өндіріп алды

судья
Судья. Иллюстрациялық фото: AndreyPopov / Getty Images

Жамбыл облысында сот жұмыс берушіден жалпы сомасы 92 млн теңгеден асатын жалақыны өндіру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметкер компанияға жалақы бойынша қарызын қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінген. Азаматтық істі Қордай аудандық соты қарады.

Сотта талап қоюшы сол компанияда 2020 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың маусымына дейін күрделі құрылыс қызметінің басшысы болып жұмыс істегені анықталды. Еңбек шартының талаптарына сәйкес оның лауазымдық жалақысы 1 млн теңге болған. Алайда 2021 жылдың шілдесінен 2023 жылдың маусымына дейін жұмыс беруші жалақы төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.

Компанияның анықтамасы және бас директордың қолы қойылған хат арқылы қызметкер алдында 92,3 млн теңге мөлшерінде берешек бар екені расталды.

Қарызды мойындағанына қарамастан, төлемдер жасалмаған, бұл қызметкерді сотқа жүгінуге мәжбүр еткен.

Еңбек Кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкерге жалақы және басқа да төлемдер төлеуге міндетті.

"Ұсынылған дәлелдемелерді қарастырғаннан кейін, сот талап қоюшының өтінішін толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімімен "M" ЖШС талап қоюшының пайдасына 92,3 млн теңге сомасында жалақы бойынша қарызды төлеуге міндетті. Сонымен қатар, жауапкерден 923 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді", - делінген хабарламада.

Шешім заңды күшіне енді.

Жамбыл облысының тұрғыны сот арқылы жұмыс берушіден 92 млн теңге жалақы өндіріп алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.