jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстан облыстарының бірінде жылу беру маусымы басталды

Жылу беру маусымы
Жылу беру маусымы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Павлодар облысында жылу беру маусымы басталды. Ең алдымен жылу балабақша, мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандарға берілді, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгінде жылумен көпқабатты үйлер қамтылып жатыр. Ал Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында жылу қазандықтары осы аптада іске қосылмақ.

Ел тұрғындары қытымыр қыстан қысылмай шығу үшін өзге өңірлерде де дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде 6 энергоблок, 30 шақты қазандық және 20-ға жуық турбина жөндеуден өтіп, маусым басталғанша тағы 30-дан аса қазандық жаңартылмақ. Бұған қазына қаржысынан 400 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Отын тапшылығын туғызбау мәселесі де басты назарда. Министрлік сөзіне сенсек, алдағы жылыту маусымына 8 млн тоннаға жуық көмір қажет.

"Алдағы жылыту маусымына жалпы 7,7 млн тонна көмір қажет. Бүгінгі таңда оның 4,4 млн тоннасы жинақталған. Көмірді жеткізу кестеге сәйкес жүргізіледі. Жалпы айтқанда, жылу беруші станциялар және қазандықтар, жылу желілері жылыту маусымына республика бойынша дайын", - дейді ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев.

Қазақстан облыстарының бірінде жылу беру маусымы басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.