Астана орталығындағы көшенің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі
Опубликовано:
Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қалдаяқов көшесіндегі жолдың бір бөлігі апта соңына дейін жабылады, деп елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Астана әкімдігінің Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, "көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Тәуелсіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейінгі учаскеде Ш.Қалдаяқов көшесіндегі жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлады.
"Осыған байланысты ағымдағы жылдың 25-28 қыркүйегі аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады", - делінген ресми хабарламада.
Әкімдік өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды аскертті.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді әкімдік қызметкерлері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2290524-astana-ortalygyndagy-koshening-bir-boliginde-kolik-qozgalysy-shekteledi/