jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Мама, мен сауығып кетемін бе": сирек дертке шалдыққан тараздық бала көмекке зәру

Әлижан ата-анасымен бірге
Әлижан ата-анасымен бірге. Фото: Жеке мұрағат

Тараздық алты жасар Әлижан сирек кездесетін дерт — қатерлі гистиоцитозбен ауырады. Ол бүгінде Түркияда ем алып жатыр, емнің құны 45 миллион теңге, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Балам бір жасқа толғанша дені сау, күшті болып өсті. Бір жасқа толғанда оның барлық сүйегі: бас сүйегі, шынтағы, белі ауыра бастады. Біз дереу емханаға бардық. Тексеруден кейін Әлижанға 2020 жылғы қазанда ауыр диагноз қойылды. Дереу емді бастап кеттік.

Елімізде мүмкін болар емнің бәрін алдық. Өкінішке қарай, жағдайы тек нашарлай берді — жоғары дозадағы химиотерапияның салдарынан Әлижанның бауыры мен көкбауыры бірнеше есе үлкейіп кетті. Ол жансақтау бөліміне түсіп, ғажайыптың күшімен аман қалды", - дейді баланың анасы Назира Мырзағалиева.

Әлижанның дерті өте сирек кездеседі, сондықтан ата-анасы ұлының жазылатынына үміт сыйлап отырған Түркияға шұғыл ұшып кетуге шешім қабылдады. 2021 жылғы сәуірде отбасы Стамбулға келді, онда бала емделуден бұрын барлық қажетті тексеруден өтті. Осы уақытқа дейін Әлижан химиотерапияның 18 курсын аяқтады.

"Төрт ай бойы күнделікті қан мен тромбоциттерді құю салдарынан ұлымның көкбауыры істен шықты. Дәрігерлер оны алып тастады. Емдеу қазір оң нәтиже беріп жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, оның емханада әрі қарай емделуіне ақша төлеуге қаражатымыз жоқ.

Кішкентайымызды құтқару үшін 85 мың доллар, яғни 45 миллион теңгеге жуық қаражат жинауымыз керек. Біз қолымыздан келгеннің бәрін сатып, жақындардан қарыз алдық. Әлижан: "Мама, мен сауығып кетемін бе?" деп сұрайды. Жүрегіміз қан жылауда. Ұлымыздың емін аяқтап, қатерлі ісікті жеңуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Құрметті қазақстандықтар, көмектеспесеңіздер, ұлымыздан айырыламыз", - дейді Назира.

Реквизиттер :

  • Kaspi: 4400 4302 3980 1993 Назира М.
  • Halyk bank: 4405 6397 6656 7380 Назира М
  • Байланыс телефоны: +7 705 838 80 08
  • Instagram @ help_alijan1
"Мама, мен сауығып кетемін бе": сирек дертке шалдыққан тараздық бала көмекке зәру

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.