"Жылдамдық режимін сақтаңыздар": "ҚазАвтоЖол" өкілдері төрт өңірдің жүргізушілеріне үндеу жасады
Жарияланған күні:

"ҚазАвтоЖол" өкілдері Қазақстанның төрт өңірінің жүргізушілеріне үндеу жасап, қолайсыз ауа райына байланысты жолда абай болуды ескертті. Синоптиктердің болжамынша, қар жауып, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"2 қазан кешкісін Абай, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен көктайғақ күтілуде.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген компания хабарламасында.
Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" өкілдері жүргізушілердің 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2293125-zhyldamdyq-rezhimin-saqtangyzdar-qazavtozhol-okilderi-tort-ongirding-zhurgizushilerine-undeu-zhasady/
