jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

SCAT Airlines 2026 жылдан бастап Еуропа елдерінің біріне ұша бастайды

SCAT Airlines әуекомпаниясының ұшағы
SCAT Airlines әуекомпаниясының ұшағы. Фото: Facebook.com/scat.airlines

Отандық SCAT Airlines 2026 жылдың көктемінен бастап Латвияға ұша бастайды, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 1 қазанда Алматы қаласында Қазақстан мен Латвияның іскер топтарының 50-ге жуық өкілінің қатысуымен Қазақстан-Латвия бизнес-форумы өткен.

Форум барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі екіжақты қаралған. Сондай-ақ әуе қатынасын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Форумда 2026 жылдың көктемінде SCAT Airlines Қазақстан мен Латвия арасында тікелей рейс ашатыны белгілі болған.

"Бұл қадам – жолаушылар тасымалын жеңілдетеді, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді, туризм мен бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады", - делінген хабарламада.

Тараптар сондай-ақ жүк тасымалы өсімінің дәлелі ретінде теміржол ынтымақтастығының жоғары әлеуетіне тоқталып, тікелей әуе қатынасы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болатынына сенім білдірген.

SCAT Airlines 2026 жылдан бастап Еуропа елдерінің біріне ұша бастайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.