jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қайтарып алды

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: instagram.com/kairat4

Алматының Бостандық аудандық сотында Қайрат Боранбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралуға тиіс болған сот отырысы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот отырысы 2 қазанда онлайн форматта өтті.

NUR.KZ тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталған азамат өтінішін қайтарып алды. Сондықтан сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қараусыз қалдырды.

Қайрат Боранбаев ісі

Еске салайық, кәсіпкер Қайрат Боранбаев 2022 жылдың наурызында қамауға алынды. Ол бір топ адаммен бірге сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңгені жымқырды және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатты деп айыпталған.

Сот 2022 жылы желтоқсанның соңында басталды. Айыптау тарабы Боранбаев жымқырылған қаражатты Швейцария банкіндегі есепшотқа аударғанын, сонымен қатар Алматыдан үй сатып алғанын мәлімдеді.

Боранбаев өзі кінәсін мойындамай, өзіне тағылған айыпты түсінбейтінін айтты.

2023 жылдың наурызында Боранбаев кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол жылдың шілде айында Боранбаев, Наханов және Жанұзаққа қатысты үкімнің күші жойылып, іс бойынша апелляциялық сот отырысы тағайындалды.

Одан кейін Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін, оның ішінде мұнай кәсіпшілігін, газ таратушы компанияны, сауда үйлерін, қонақүйлерді, фитнес орталықтарын және т.б. қайтарғанын хабарлады. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына тағы 30 млрд теңге аударған.

Прокурор кейінірек Боранбаевқа алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Апелляциялық сот қаулысымен ол мемлекет мүлкін жымқырды деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

2023 жылы қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. 20 қазанда оның жазасы жеңілдетілгені белгілі болды. Сотта жазаның өтелмеген бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды деп хабарланды. Сот жазаны ауыстыру кезінде мынадай мән-жайларды ескергені айтылған:

  • сотталған адам заңда белгіленген жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген;
  • кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді, тергеумен белсенді жұмыс істеді және істеген ісіне өкінеді;
  • қамауда болған кезеңде ол оң қасиеттерімен сипатталды.
Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қайтарып алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.