jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Белгілі жазушы, журналист Еркін Жаппасұлы өмірден өтті

Еркін Жаппасұлы
Еркін Жаппасұлы. Фото: t.me/madenietaqparat

Белгілі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Еркін Жаппасұлы өмірден өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ресми Telegram-каналында хабарланғандай, Еркін Жаппасұлы – қазақ сатирасында өз қолтаңбасын қалдырып, қоғамның күлкі мен шындық тоғысқан қырларын терең бейнелеген бедерлі қаламгер. Ол қазақ әдебиетінің, баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді.

"Мәдениет және ақпарат министрлігі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, "Құрмет" орденінің иегері Еркін Жаппасұлының өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

Еркін Жаппасұлының жарқын бейнесі, өткір тіл мен ойлы әзілге құрылған шығармалары, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырмандарының және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын", - делінген министрлік хабарламасында.

Белгілі жазушы, журналист Еркін Жаппасұлы өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.