jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Биыл елімізде қанша адам өз еркімен жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударды

Бақытты отбасы
Әке мен ана және бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Биыл 1 қазанға дейін ерікті қоныс аудару шеңберінде еліміздегі жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 5 213 адам, оның ішінде 1 725 қандас және 3 488 адам қоныс аударды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, барлық қоныс аударушыға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарлануда.

Өңірлер бойынша, Павлодар облысына – 1 886 адам, СҚО – 1 516 адам, Қостанай облысына – 575 адам, ШҚО – 490 адам, Абай облысына – 305 адам, Ақмола облысына – 257 адам, Атырау облысына – 103 адам, Ұлытау облысына - 43 адам, Қарағанды облысына – 38 адам қоныс аударды.

Қоныстану аймақтарына көшкен қандастар негізінен Өзбекстаннан – 612 адам, ҚХР – 563 адам, Моңғолиядан – 377 адам, Ресейден – 84 адам, Түркменстаннан - 49 адам және басқа елдерден – 49 адам келген.

Еңбекке қабілетті жастағы 2 307 адам келгендердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына 1 041 адам жұмысқа орналастырылды, 38 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Қоныс аударушылар мен кандастар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және тағы басқа салалар бойынша жұмысқа орналасты.

Қоныс аударудың табысты мысалдарының бірі – Құрмешовтар отбасы. Олар өміріндегі оң өзгерістерді атап өтті.

"Біз Маңғыстау облысынан Қостанай қаласына көшіп келдік. 2024 жылы мамырдың басында Қостанай қаласындағы мансап орталығына жүгініп, қажетті кеңестер алып, квотаға ену үшін қажетті құжаттар тізімімен таныстым. Аймақтық квотаға енгеннен кейін біз көшуге байланысты материалдық көмек, сондай-ақ тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге кететін шығындарды өтеу үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау алдық", - дейді Қанат Құрмешов.

Естеріңізге сала кетейік, ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:

  • отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге арналған бір реттік субсидия;
  • отбасы мүшелері саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;
  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
  • жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
  • экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.

Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

Биыл елімізде қанша адам өз еркімен жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.