jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қызылорда тұрғыны көлікте жалғыз қалдырған үш жасар баласынан көз жазып қалды

балақай
Балақай. Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен үш жасар баланы әкесімен қауыштырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Iшкі істер министрлігінің Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Басылым тілшісінің хабарлауынша, Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Керимхан Аппазов пен ювеналды полиция тобының инспекторы Бекзатхан Тоханов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ата-анасының қарауынсыз жүрген үш жасар баланы байқаған.

Полицейлер баланың ата-анасын жедел іздестіре бастаған. Көп ұзамай баласын жоғалтқан әкені тауып, баламен аман-есен қауыштырды.

"Тексеру барысында белгілі болғандай, баланың әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен сәтте бала көліктен түсіп кеткен. Әкесінің көлігінен алыстап кеткен балақай адасып қалған",- делінген ақпаратта.

Қырағылық пен жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне баланың ата-анасы алғыс білдірді.

Қызылорда тұрғыны көлікте жалғыз қалдырған үш жасар баласынан көз жазып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.