jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыдағы Баум тоғайында ағаштар жаппай кесілетіні рас па: салаға жауаптылар мәлімдеме жасады

Баум тоғайы
Баум тоғайы. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы Баум тоғайын абаттандыру аясында бірде-бір ағаш кесілмейді. Сондай ақ құрылыс жұмыстарына тек экологиялық материалдар пайдаланылады. Бұл туралы салаға жауаптылар өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматының Түрксіб ауданында орналасқан жасанды жасыл алқапты абаттандыру биыл шілде айында басталған. Жауаптылардың сөзінше, аталған аймақта мұндай ауқымды жөндеу жұмыстары көптен жүргізілмеген. Сондықтан бұл – қала орманын қорғау мен орнықты орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

"Жоба түгелдей жекеменшік компанияның қолдауымен жүзеге асады. Компания бұл мақсатқа шамамен 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөліп отыр. Өздеріңізге белгілі, бүгінде тоғайдың жағдайы мәз емес. Жарық тартылмаған, бейнекамералар орнатылмаған. Сол себепті халыққа ыңғайлы әрі жайлы демалыс орнын жасағымыз келеді", – деді Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменов.

Жоспар бойынша тоғай аумағы табиғи ерекшеліктеріне қарай бөлінбек. Яғни бір бөлігі тыныш демалыс орнына арналса, екінші бөлігі экологиялық аймақ ретінде инфрақұрылымы шектеулі күйде қалып, табиғатты қорғау мен экологиялық ағартуға бағытталады.

7 балалар ойын алаңы салынып, 6 воркаут-аймақ пайда болмақ. Жүргінші жолы мен энергия үнемдейтін жарық шамдар орнатылып, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция бекеттері мен бейнебақылау камералары да қойылады.

"Абаттандыру аясында ешқандай цемент-бетон қолданылмайды. Бәріне тек экологиялық материалдар пайдаланылады. Бірде-бір ағаш кесілмейді. Жоба бойынша 360 градусты көрсететін 78 камера орнатылуға тиіс еді. Дегенмен соңғы уақытта жергілікті тұрғындармен болған талқылаулардан кейін камералар саны артуы мүмкін", – деді компанияның вице-президенті Ғалымжан Телемісов.

Айта кетейік, бүгінде вандализм деректерін азайту үшін тоғайда сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін арнайы мамандар кезекшілік етеді. Бұл мұнымен қоса заңсыз жасыл желекті кесетіндердің де алдын алуға сеп болмақ. Ал табиғи нысанды түрлендіру жұмыстары келер жылдың мамырында аяқталады.

Авторлар: Диана Тұрлыбек, Алишер Ерғалиұлы

Алматыдағы Баум тоғайында ағаштар жаппай кесілетіні рас па: салаға жауаптылар мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.