"Ертегі": Алматы тауларына қар түсті
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін Алматы тауларына қар түсті. Ұшқындап қар жауып тұрған сәттің видеосы "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін Шымбұлақта нағыз қысқы атмосфера! Қар жауып, тау баурайы нағыз ертегіге айналды", - делінген желіде жарияланған видео сипаттамасында.
Видеоны көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін қалдырған.
Айта кетелік, бұған дейін осы аптада Алматыда күн суытып, алғашқы қар түсуі мүмкін екенін жазған едік.
Күн райының күрт бұзылуына байланысты Алматы қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.
"Алматы Тазалық" кәсіпорындарының базаларында жүргізушілер, механизаторлар мен жұмысшылар тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2304953-ertegi-almaty-taularynda-qar-zhaudy-video/