jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Алматы көшелерінде 10 балдық көлік кептелісі тіркелді

Көлік кептелісі
Көлік кептелісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін кешке Алматыда 10 балдық көлік кептелісі тіркелді. Оңтүстік астанада ауа райы күрт бұзылып, салдарынан қала көшелеріндегі жағдай да ушықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2ГИС қосымшасының ақпаратына сәйкес, 17:50-дегі жағдай бойынша Алматыдағы көлік кептелісі 10 балға жетті. Қаланың орталық көшелері мүлдем қозғалыссыз қалды.

Оған қоса оңтүстік астанада бірқатар жол апаты болды. Салдарынан кейбір жерлерде көлік қозғалысы шектелді.

"Жаяу жүргенге не жетсін", "Әлі сағат 6 болған да жоқ", "Жаңбыр ғана жауды ғой", "Достар, сабыр сақтаймыз", "Қыс әлі басталмады. Қар жауса қайтер екенбіз", - деп жазуда көпшілік.

Кептеліс
Кептеліс. Фото: 2gis.kz

Алматы көшелерінде 10 балдық көлік кептелісі тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.