jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қызметтік пәтерін көрсеткен Бақытжан Базарбектің әйелі желіде қызу талқыға қалды (видео)

Адель Әділова
Адель Әділова пәтерін көрсетуде. Видеодан кадр: instagram.com/adel_adilovaa

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің әйелі Адель Әділова желіде жолдасының Астанадағы қызметтік пәтерін көрсетіп, елдің қызу талқысын тудырды. Көпшілік ерлі-зайыптының сол үйде тұратынына күмәнданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Адель Әділова депутаттарға берілетін қызметтік пәтерді Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Бейнежазбада келіншек оқырмандары үшін әр бөлмені түсіріп, үйіндегі жиһаз бен техниканың ескі екенін айтты.

"Елордада депутаттар қандай пәтерде тұратынын көрсетейін. Бұл пәтерде 2023 жылдан бері тұрамыз. Бұл депутаттарға берілетін қызметтік пәтер", - деді Бақытжан Базарбектің келіншегі.

Оған қоса Әділова көпшілікке күйеуі Бақытжан Базарбектің наградаларын да көрсетті.

Аталмыш бейнежазба желіде бірден қызу талқыға түсті. Оқырмандардың басым көпшілігі депутаттың отбасы бұл пәтерде тұратынына сенбейтінін жеткізген.

"Түсінгенім бойынша бұл үйді жалға беретін болып тұр ғой. Түсірілім алдында медальдарды шығарып қойған сияқты", "Халықты бұлай алдаудың қажеті жоқ. Депутаттар мұндай пәтерде тұратынына сенбеймін. Бұл өтірігіңізді басқа біреуге айтыңыз", "Сіздер шынымен осы пәтерде тұрасыздар ма? Шкафыңыздың бұзылып қалғанын да білмейтін болып тұрсыз ғой", - деп жазуда оқырмандар.

Алайда желі қолданушыларының арасында депутаттың келіншегіне қолдау білдіргендер де болды.

"Неге бірден жамандап жазасыздар? Осылай тұратын болса, адал адам болып тұрғаны", "Мен сеніп тұрмын. Сіз сияқты жолдасына қолдау білдіріп, кез келген жағдайда тұруға дайын әйелдер саусақпен санарлық", "Жап-жақсы пәтер. Онда тұрған не бар екен? Сіздердің ойларыңызша депутат тек зәулім үйлерде тұру керек пе", - деп жазды көпшілік.

Қызметтік пәтерін көрсеткен Бақытжан Базарбектің әйелі желіде қызу талқыға қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.