jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Телефон алаяқтығына қатысты күдік тудырған азаматтардың мобильді нөмірі бұғатталады

Мессенджер
Мессенджер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету тәртібін реттейтін қағидаларға өзгерістер енгізілді. Жаңа нұсқада азаматтардың ұялы телефон нөмірлерін бұғаттайтын ереже белгіленген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес, ұялы байланыс операторлары алаяқтыққа қарсы антифрод жүйелерді пайдалануға міндетті, осылайша ұялы байланыс операторлары ақпараттық жүйелерін (дерекқорын) интеграциялау үшін Ұлттық банктің антифрод-орталығымен келісім жасасады.

Егер ұялы байланыс операторы ішкі антифрод-жүйелерінің негізінде, оның ішінде GSM-шлюздер (сим-бокстар) арқылы алаяқтық белгілері бар SMS-хабарламаларды және (немесе) қоңырауларды, сондай-ақ байланыс желілеріндегі алаяқтық әрекеттерді анықтаса, абонент туралы тегі, аты, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін және абонентке ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) бере отырып, Ұлттық Банктің антифрод-орталығын хабардар етеді.

Сондай-ақ оператор абоненттен өтініш қабылдағаннан кейін немесе Ұлттық Банктің алаяқтыққа қарсы орталығынан алаяқтық белгілері бар әрекеттерге қатысты ақпаратты алған кезде екі жұмыс күні ішінде тексеру жүргізеді.

Ақпарат расталса, оператор абонентке байланыс қызметін көрсетуді тоқтатады және бұл туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.

Тағы бір жаңалық – бір адамға 10 нөмірден артық тіркеуге болмайды деген ереже. Егер 10-нан астам нөмір қажет болса, өтініш негіздемесі мен нөмірлерді пайдалануға арналған құрылғылардың тізімімен бірге берілуі керек. Оператор өтінімді қабылдамауы да мүмкін.

Телефон алаяқтығына қатысты күдік тудырған азаматтардың мобильді нөмірі бұғатталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.