jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ресми: Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды

атом электр станциясы
АЭС. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы "Балқаш" деп аталады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық конкурс аяқталды. Конкурс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 11 тамыздағы бастамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып, 2025 жылғы 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында eGov Mobile платформасында өткен.

"Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған "Балқаш" атом электр станциясы" атауы жеңімпаз деп танылды. Таңдалған атау атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау жөніндегі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді", - делінген хабарламада.

Барлығы конкурсқа 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысқан. Әр қатысушыда бір ғана атау ұсыну мүмкіндігі болған.

2025 жылғы 5 қыркүйекте құрамына қоғам өкілдері, креатив индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кірген конкурс комиссиясы құрылған.

Түскен барлық өтінімнен 10 460 бірегей нұсқа анықталған. Өңдеу барысында кириллица, латын әрпі және мағыналас сөздер сияқты жазудың түрлі формалары да ескерілген.

Конкурс комиссиясының отырысында ең танымал 100 атау қаралған. "Балқаш" атом электр станциясы" атауын 882 азамат ұсынған және ол танымалдығы бойынша қорытынды рейтингте бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы атанып отыр.

Сонымен бірге конкурс комиссиясы нысанның орыс және ағылшын тілдеріндегі атауларын анықтаған. Еліміздегі алғашқы АЭС орыс және ағылшын тілдерінде былай аталады:

  • "Атомная электростанция "Балхаш";
  • Balkhash Nuclear Power Plant.
Ресми: Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.