jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қарағанды облысының тасжолдарында қызыл жолақтар пайда болды: олар не үшін қажет

Жолдағы қызыл жолақтар
Жолдағы қызыл жолақтар. Кадр: Polisia.kz

Қарағанды облысындағы тасжолдарда ресупблика бойынша алғаш рет қызыл жолақтар пайда болды. Полицейлер олардың не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігінің медиа-порталындағы мәліметке сәйкес, облыс арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетіні анықталды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері "Қазавтожол" мамандарымен бірге аталған учаскелерде заманауи технологияларды пайдалана отырып, арнайы ескерту белгілерін орнатып жатыр.

"Бүгін біз жолға жауапты мамандармен бірге тексеру жүргізіп, апат жиі болатын учаскелерге ескерту белгілерін орналастыру жұмыстарын қолға алдық. Республикада алғаш рет Қарағанды облысында жол шетіне қызыл жолақ белгісін салдық. Бұл белгі Қарағанды – Қарқаралы тасжолында орнатылды. Себебі дәл осы жерде бұған дейін екі көлік соқтығысып, ауыр жол апатынан бес адам қаза тапқан еді. Қызыл жолақ жүргізушілердің назарын аударады, әсіресе түнгі уақытта, сондай-ақ қар астынан да жақсы көрінеді. Жолақ жүргізілгеннен бері бұл учаскеде бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ", - деді Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ ол қыс мезгілінде жол қауіпсіздігіне аса назар аудару қажеттігін атап өтті. Қолайсыз ауа райында жолдың жабылуы, жүргізушілер мен жолаушылардың межелі жеріне қауіпсіз жетуі басты міндет болып қала береді.

"Осы мақсатта республикалық тасжолдарға үлкен ақпараттық экрандар орнаттық. Онда облыстың әр аумағындағы ауа райының жағдайы көрсетіліп тұрады. Мысалы, Теміртауда жол жабылса, кептеліс туындамауы үшін Балқашта да қозғалысты шектеу қажет болуы мүмкін. Бірақ ол жерде күн ашық болғандықтан, жүргізушілер тарабынан түсінбеушілік болмауы үшін экрандар арқылы нақты жағдай көрсетіліп отырады.

Сонымен қатар біздің ұсынысымызбен республикалық жолдарға электронды жылдамдық белгілері де орнатылды. Жылдамдық режимі ауа райына байланысты автоматты түрде өзгеріп отырады: қолайсыз ауа райында 140 км/сағ жылдамдық 80–60 км/сағ деңгейіне дейін төмендетіледі. Себебі жолда көктайғақ немесе қар үйінділері болуы мүмкін", – деп атап өтті Қайыров.

Мамандардың айтуынша, мұндай тексерулер мен алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қарағанды облысының тасжолдарында қызыл жолақтар пайда болды: олар не үшін қажет

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.