jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Семейде дәретхана қағазының атауы тұрғындардың ашуын келтірді (видео)

Дәретхана қағазы
Дәретхана қағазы. Көрнекі фото: pixabay.com

Семей тұрғындары дәретхана қағазын қаланың атымен атаған компанияға наразылық білдірді. Жергілікті белсенділер өнімнің атауын өзгертуді талап етті, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

"Семей" деп аталатын дәретхана қағазы жарнамаланып жатыр. Бұл дұрыс емес. Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев дүниеге келген қасиетті жердің атына кір келтіруге болмайды. Жергілікті билік қатаң бақылауға алу керек. Қағаз өндіріп отырған кәсіпорын басшылығымен дереу байланыс орнатып, өндірісін тоқтатуды сұраймын", - дейді тұрғындардың бірі Болат Жүнісбаев.

"Семей" деп аталған орам Петропавл қаласынан шығарылған. Әзірге дәретхана қағазының сауда нүктелеріне қанша данасы таралып кеткені білгісіз. Алайда сатушылар жаңа жарнамаланған тауардың сатылымы да күрт артқанын айтады. Дегенмен бұны көрген тұтынушылар таң болған.

Қазір белсенділер "шаһарымызды бұлай мазақ қылуға жол бермейміз" деп отыр. Жергілікті билік тұрғындар тарабынан шағым көбейгенін мойындап, кәсіпорынға шаһардың атын жазуды тоқтату туралы хат жолдағанын айтты.

"Семей тұрғындарынан "Семей" атауымен аталған дәретхана қағазына байланысты шағымдар түсіп жатыр. Дәретхана атауы қаламыздың атымен аталған және этика нормасы бұзылған.

Осыған байланысты дәретхана қағазын шығаратын компанияға шағым хат жіберілді. Бүгінде Семей атауымен дәретхана қағазын шығару тоқтатылды. "Семей" атауын "Семейная" деп өзгертуде. Ал сауда нүктелерінен ескі қағаз алынып жатыр", - дейді Семей әкімдігінің ресми өкілі Талшын Қалиасқарова.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Семейде дәретхана қағазының атауы тұрғындардың ашуын келтірді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.