jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Құрылысшылар одағы бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция жариялады

Құрылысшы құрылыста жұмыс істейді
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан құрылысшылар одағы бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды сұрап, петиция жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Олар бірыңғай уақыт белдеуін енгізудің кері әсерін атап өткен.

Қазақстан құрылысшылар одағы петиция жариялағанын Threads желісінде жазды.

"Біз бұрынғы уақытты қайтаруды талап етеміз", - делінген жазбада Сауда және интеграция министрлігіне жолданған петицияға сілтеме жасалып.

Қазақстандық құрылысшылар уақыт белдеуін өзгерту туралы шешімді "кеңседе отырған адамдар" қабылдаған деп санайды. Петиция авторлары бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешімнің қолмен жұмыс істейтіндер үшін бірнеше кері әсерін атап өтті:

  • құрылыс-монтаж жұмыстарын тексеру сапасы төмендеп барады;
  • инженерлік және қасбет жұмыстарының сапасы төмендеуде;
  • материалдарды қабылдау сапасы күрделене түсуде;
  • энергия тұтыну айтарлықтай артты;
  • жұмысшының биологиялық ырғағы бұзылып, жұмысты мерзімінен бұрын аяқтауына әкеліп соғады, бұл тиімділікті төмендетеді;
  • құрылыс-монтаж қызметтерінің өнімділігі төмендеп барады, бұл жалпы аймақтық өнімге әсер етеді.

Петиция 11 желтоқсанда жарияланды және қажетті 50 қолды жинап үлгерді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызына қараған түні Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.

Құрылысшылар одағы бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.