jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Полицейлер Қазақстанда қандай отшашуларды рұқсатсыз атуға болмайтынын айтып берді

Отшашу
Отшашу. Көрнекі фото: Pexels.com

Полиция қарапайым азаматтарға кей отшашуларды пайдалануға рұқсат етілмегенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанда IV классқа жататын (қуатты) пиротехникалық бұйымдарды тек ІІМ-нің лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана пайдалана алады.

Бұқаралық іс-шарада отшашу ұйымдастыру үшін:

  • Жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу;
  • Ішкі істер органдарының келісімін алу;
  • Іс-шара өтетін күнге дейін кемінде 10 жұмыс күні қалғанда өтініш беру қажет.

Сондай-ақ мына құжаттарды әзірлеп, ұсыну қажет:

  • отшашудың техникалық сипаттамалары;
  • отшашу атылатын орынның сызбасы;
  • бұйымдарды тасымалдайтын көлік туралы ақпарат.

Отшашу ұйымдастырушыларының міндеттері:

  • Көрермендер мен қызмет көрсетуші персонал үшін қауіпсіз жағдай жасау;
  • Пиротехникалық бұйымдарды сақтау мен тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Қауіпсіздік шараларын ішкі істер органдарымен талқылау;
  • Ішкі істер органдарымен бірлесіп, отшашу өтетін орынды күзету шараларын ұйымдастыру.

Талаптар бұзылған жағдайда айыппұл салынады:

  • Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабы — рұқсатсыз қызмет атқару;
  • 483-бабы — пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, тасымалдау немесе қолдану ережелерін бұзу.

"Есте сақтаңыз: отшашу — жай ғана көңіл көтеру емес, қауіпті әрекет. Мереке қауіпсіз өтуі үшін заң талаптарын сақтаңыз!", - дейді полиция өкілдері.

Полицейлер Қазақстанда қандай отшашуларды рұқсатсыз атуға болмайтынын айтып берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram