jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ҚҚС мөлшері ұлғайды: Алматыдағы ботаникалық баққа кіру билетінің бағасы өсті

Ботаникалық бақ
Ботаникалық бақ. Фото: instagram.com/botsadkz/

Алматының ботаникалық бағына кіру билетінің бағасы өсті. Бұл туралы бақтың желідегі парақшасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті келушілер! 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңартылған Салық кодексіне сәйкес ҚҚС негізгі мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға дейін ұлғаяды. Осыған байланысты, ҚҚС билет бағасына кіретіндіктен, Бас Ботаникалық баққа кіру билеттерінің құны өзгереді", - делінген хабарламада.

Енді ботаникалық баққа кіру үшін:

  • ересектер – 932,14 теңге;
  • зейнеткерлер мен оқушылар – 466,07 теңге;
  • студенттер – 745,71 теңге төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтардан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енді.

ҚҚС мөлшері ұлғайды: Алматыдағы ботаникалық баққа кіру билетінің бағасы өсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram