jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Енді Қазақстан азаматтары көлігіне нөмірді өздері таңдай алады

Мемлекеттік тіркеу нөмірін таңдап жатқан тұрғын
Мемлекеттік тіркеу нөмірін таңдап жатқан тұрғын. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

5 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін өздігінен таңдауға болады, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленген.

"5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады.

Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда)", - деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Енді Қазақстан азаматтары көлігіне нөмірді өздері таңдай алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram