jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда қара шайдың кейбір маркаларын әкелуге және сатуға тыйым салынды

шай
Қара шай. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен қара шайдың кейбір маркаларын әкелуге және сатуға шектеу енгізілді. Олар қауіпсіздік талаптарына сай емес, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар ( E110, E102, E124) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталған, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.

Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шайдың өндірілген және қапталған мекенжайлары дұрыс көрсетілмегені анықталған, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

  • "Апамның шәйі Premium gold", Al-Hayat Golg, "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі – Orda Trade Astana ЖШС (Алматы облысы);
  • Sultan Suleyman, Pakistan tea, өндірушісі – Real Trade Astana ЖШС (Астана қ.)
  • "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі – "Аль-Хадия" ЖК (Алматы қ.);                 
  • Aje Onim, өндірушісі – "Орда Чай" ЖК (Алматы қ.) "Кальций" ЖШС тапсырысы бойынша:
  • Al-Hayat Golg, өндірушісі – Empire KENIY E.P.Z. Limited (Алматы облысы);
  • Al-Jannat Premium, өндірушісі – Ferdaus ЖК (Алматы қ.);
  • Alfarah (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).
Қазақстанда қара шайдың кейбір маркаларын әкелуге және сатуға тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram